$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Көкшетауда қаржы пирамидасына 290 млн теңге салған тұрғындар алданды

Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотта қаралып жатыр

Көкшетауда қаржы пирамидасына 290 млн теңге салған тұрғындар алданды
Фото ашық дереккөзден

Көкшетауда «Chia Tai Tianging» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесінің басшысы Telegram мессенджері арқылы жарнама таратқан, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қаржы мониторингі агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті аса ірі мөлшерде ақша тарту мен қаржы пирамидасын жарнамалау фактісін тергеп жатыр.

Ведомство мәліметінше, Көкшетау қаласындағы «Chia Tai Tianging» қаржы (инвестициялық) пирамидасының құрылымдық бөлімшесінің басшысы инвесторларды тартқаны, сол арқылы жаңа салымшыларға тұрақты негізде ешқандай тәуекелсіз, кепілді кірісті уәде еткені, ол үшін заңсыз пайда тапқаны анықталды.

«Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде қаржы пирамидасының айналымына азаматтардың жалпы сомасы 291 млн теңгеден астам ақшалай қаражаты тартылған», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотта қаралуда, ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат таратылуға жатпайды.

Серіктес жаңалықтары