Қазақстанда тыйым салынған дәрілердің тізімі толықты

Автор: Мира Байбек

Үкіметтің арнайы қаулысы жарияланды

 

Фото ашық дереккөзден

Қазақстанда бақылауға жататын есірткі және психотроптық заттар мен прексорлардың тізімі толықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Үкіметтің арнайы қаулысы жарияланды.

Енгізілген түзетулерге сәйкес, медициналық мақсатта қолдануға тыйым салынған есірткі құралдары мен психотроптық заттардың тізбесі мынадай заттармен толықтырылды:

  • пара-флуорофентанил (пара-фторфентанил);
  • брорфин;
  • метонитазен.

Психотропты заттарға жатады:

  • 3-метоксифенциклидин;
  • эвтилон.

Медициналық мақсатта пайдаланылатын және бақылаудағы есірткі құралдары мен психотроптық заттардың тізбесіне:

  • клоназолам;
  • диклазепам;
  • флубромазолам.

Бақылаудағы прекурсорларға 4-метилпропиофенон кірді.

Қаулының толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.