$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақмола облысында экс-полицей екі жыл бойы көліктерді заңсыз тіркеумен айналысқан

Соның салдарынан мемлекетке 401,3 млн теңге залал келген

Ақмола облысында экс-полицей екі жыл бойы көліктерді заңсыз тіркеумен айналысқан
Фото: polisia.kz

Қаржы мониторингі агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті жалған төлем және есеп айырысу құжаттарын пайдалана отырып, 55 автокөлік құралын заңсыз есепке тіркеу фактісі бойынша қылмыстық істердің бірін тергеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ведомствоның баспасөз қызметі мәлім еткендей, бастапқы тіркеу үшін алымды төлемеу салдарынан мемлекетке 401,3 млн теңге көлемінде залал келтірілді.

«Қылмысты ұйымдастырушы топ Ақмола облысы полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бұрынғы аға мемлекеттік инспекторымен бірігіп, 2020 жылғы желтоқсан мен 2022 жылғы қаңтар аралығында тиісті төлемдерді төлемеу, электрондық өтінімдерді бекіту, жалған төлем құжаттарын пайдалану жолымен шетелден әкелінген көлік құралдарын жаппай бастапқы тіркеуді ұйымдастырғаны анықталды», - делінген хабарламада.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат таратылуға жатпайды.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Серіктес жаңалықтары