Алматыда 3 адам жұқпалы індеттен cауығып шықты
Олар 25-35 жас аралығындағы азаматтар

Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы Алматыда коронавирустан жазылып шыққан 3 туралы ақпаратпен бөлісті. Штабтың мәліметінше 1993 және 1985 жылғы екі әйел адам, 25 жастағы ер адам сауығып шыққан.
«Бірінші адам 13 наурызда Берлин-Минск-Алматы чартерлік рейсімен ұшып келген. Екіншісi - 23 наурызда Ыстамбұл-Мәскеу рейсімен, ал үшінші адам рет 26 наурызда Ыстамбұл - Мәскеу рейсімен ұшып келген», - делінген ақпаратта.
Айта кетейік, Қазақстан бойынша қауіпті індеттен айыққан азаматтардың қатары 60 адамға жетті. Нұр-Сұлтан қаласында – 30 адам, Алматыда – 26, Ақтөбе облысы бойынша – 1 адам, Жамбыл облысында – 1, Павлодар облысы – 1, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам.
Соңғы мәлімет бойынша Алматы қаласында коронавирус жұқтырғандардың саны – 121 адамға жеткен.