$ 518.81  596.27  6.63
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елордалық коммуналдық қызмет тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

Бүгін елорда көшелерін қар мен мұздан тазартуға 2 335 жол жұмысшысы мен 1 442 арнайы техника шықты

Елордалық коммуналдық қызмет тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

Елордалық коммуналдық қызмет тәулік бойы күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда. Қар тазалау жұмыстарына 2 335 Жол жұмысшысы жұмылдырылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«27 қаңтар күні таңертең елорда көшелерін қар мен мұздан тазартуға 2 335 жол жұмысшысы мен 1 442 арнайы техника шықты. Өткен түнде қаладан 27 240 текше метр қар шығарылды, бұл 2 206 ауыр жүк көлеміне тең», - делінген хабарламада.

Қыс мезгілінде елордадан үш миллион текше метрге жуық қар жиналып, шығарылды, яғни полигондарға жүк көлігімен 218 465 рейс жасалды.

«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің мәліметінше, 27 қаңтарда елордада күн бұлтты болып, кейде қар жауып, боран болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел екпіні 9-14, түнде 15-20 м / с. болса, ауа температурасы түнде -15-17, күндіз -13-15 градусқа дейін төмендейді.

Серіктес жаңалықтары