Биыл Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО деңгейінде аталып өтеді

Azattyq Rýhy

Қаламгер балалар мен жасөспірімдерге арналған 20-дан астам әңгіме, повесть, роман жазған

Биыл Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО деңгейінде аталып өтеді
Фото: egemen.kz

Биыл қазақ және балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО деңгейінде аталып өтеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy 24KZ телеарнасына сілтеме жасап.

Жазушының туған ауылы Нарынқолда еңселі ескерткіші бой көтереді, бірқатар саябаққа, білім ошағы мен облыстық кітапханаға есімін беру жоспарланып отыр. Шоқтығы биік қаламгер балалар мен жасөспірімдерге арналған 20-дан астам әңгіме, повесть, роман жазған.

Тарихқа алтын әріппен енген «Менің атым Қожа» повесі желісімен түсірілген балалар фильмі қазақ өнерінің жауһарына айналды. Сондай-ақ жазушының «Балалық шаққа саяхат», «Дала жұлдызы» секілді өзге де туындылары оқырманның жүрегін тербеп, санасына сәуле түсірген.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.