$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Балабақшаға орналастырамын»: Шымкентте үш әйел алаяққа 12 млн теңге берген

Күдікті әйел қамауға алынды

«Балабақшаға орналастырамын»: Шымкентте үш әйел алаяққа 12 млн теңге берген
Фото ашық дереккөзден

Шымкентте бейтаныс әйел үш адамнан балабақшаға жұмысқа орналасу үшін 12 млн теңге алып, сан соқтырып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Еңбекші аудандық полиция басқармасына үш тұрғын алаяқтықтың құрбаны болғанын айтып, көмекке жүгінген. Жәбірленушілердің айтуынша, бейтаныс әйел оларды балабақшаға тәрбиеші етіп жұмысқа орналастыруға уәде берген. Бұл қызметі үшін әйелдердің әрқайсысынан қомақты ақша алған. Жәбірленушілерге келген шығын көлемі - 12 миллион теңге. 

«Қабылданған шаралардың нәтижесінде жедел уәкілдер күдіктіні анықтап, ұстады. Ол бұрын осыған ұқсас қылмысы үшін сотталған Түркістан облысының тұрғыны болып шықты. Қазіргі таңда әйел қамауда», - делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. 

Серіктес жаңалықтары