Жағдай тұрақты: Алматыда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге 2,5 мыңнан астам полицей жұмылдырылды

Автор: Azattyq Rýhy

Азаматтар арасында түсіндірме жұмыстары күшейтілді

Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Алматыда қоғамдық тәртіпті 2,5 мыңнан астам полиция қызметкері қамтамасыз етуде, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Патрульдік полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлар мен жедел бөлімшелер қызметтің күшейтілген нұсқасына ауыстырылды.

Тергеу-жедел топтары күшейтілді.

«Алматыда жедел жағдай тұрақты, қылмыстың өршуі байқалмайды. Азаматтар арасында түсіндірме жұмыстары күшейтіліп, өз мүліктерінің сақталуын қамтамасыз ету жайында айтылды. Тонау деректері тіркелген жоқ», - деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінен.