Майқайыңалтын аумағында жұмыстар барлық қауіпсіздік шаралары сақтала отырып жүргізілуде
Қазба жұмыстары автобустың болжамды орналасқан жерінде жүргізіліп жатыр
Ауыр техникамен шұңқырдың шетіне аппарель төселді және сақтандыру кабелі бойынша шағын габаритті экскаватордың түсірілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Автобустың болжамды орналасқан жерінде қазба жұмыстары жүргізілуде, оның барысында автобустың сынған бөлшектері, оттегі баллоны, тыныс алу аппараты және құтқарушының сөмкесі табылды.
«Жұмыстарды жүргізу тау жыныстарының тұрақсыздығына және топырақтың үнемі қозғалуы мен сырғуына байланысты қиындай түсті. Құтқарушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін құтқарушылар шұңқырға түсуді жүргізетін, сондай-ақ экскаватор машинисін сақтандыратын арқан тартылды. Автобустың болжамды орналасқан жерінде бос орындардың болу және іздеу жұмыстарын жүргізу кезінде қайта құлау қаупі болғандықтан, барлық мамандардың өмірлеріне үлкен қауіп төнуде», - делінген хабарламада.