17.01.2024, 15:24
Жаңалықтар
Қазақстанның үш облысында жол қозғалысына шектеу қойылды
Автожолдарды күтіп-ұстауға 725 бірлік техника және 1372 адам жұмылдырылды
Коллаж: Azattyq Ruhy
Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің 3 облысында республикалық маңызы бар автожолдардың 12 учаскесінде автокөлік құралдарының барлық түрлері үшін көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Шығыс Қазақстан облысында - 1 учаске:
- Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахманов кілттері тасжолы, 46-66 км, Северное а. – Серебрянск қ. – 79 км.
Жамбыл облысында - 1 учаске:
- Алматы-Ташкент-Термез тасжолы, 159-238 км, Кенен а. - Қайнар а. (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады) – 79 км.
Батыс Қазақстан облысында - 10 учаске:
- Орал-Тасқала-РФ шекарасы тасжолы, 4-104 км, Орал қ. - РФ шек. - 100 км;
- Чапаево-Жалпақтал-Казталовка тасжолы, 0-213 км, Чапаево а.- Казталовка а. - 213 км;
- Өнеге-Бисен-Сайхин тасжол, 0-103 км, Өнеге а.-Сайхин а. - 103 км;
- Казталовка-Жәнібек-РФ шекарасы тасжолы, 0-158 км, Казталовка а. - Жәнібек а. – 158 км;
- Самара-Шымкент тасжолы, 195-251 км, РФ шек.-Орал қ. – 56 км;
- Самара-Шымкент тасжолы, 261-393 км, Подстепное к. - Жымпиты к. – 132 км;
- Атырау-Орал тасжолы, 189-492 км, Атырау обл. шек-Орал қ. – 303 км;
- Орал-Теплое тасжолы, 5-33 км, Орал қ.- РФ шек. - 28 км;
- Подстепное-Федоровка-РФ шекарасы тасжолы, 0-36 км, Подстепное к.-Федоровка а. - 36 км;
- Жайық өзені арқылы өтетін көпір өткелі тасжолы, 0-14 км, Подстепное к.-Құс фабрикасы – 14 км.
Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп-ұстауға 725 бірлік техника және 1372 адам жұмылдырылды.
Серіктес жаңалықтары
Көп оқылған
31.10.2025, 09:00
Абай облысында түрменің алдында ерлі-зайыпты бір-бірін құшақтап, көз жасына ерік берді
31.10.2025, 16:51
«Әй, еркектер-ай, еркектер»: Перизат Қайраттың 11 жыл бұрын сахнада «тамаша» ойнаған видеосы табылды
31.10.2025, 09:16
Отырарда жойқын жарылыс болды: үш қабатты ғимараттың жартысы опырылып кеткен (ВИДЕО)
31.10.2025, 11:32
«Күйеуіме шай-тамақ істеп беруге келдім»: Орал соты аяғы ауыр 16 жастағы мигрант қызды кешірді (ВИДЕО)
31.10.2025, 17:52
Шұғыл: Тоқаев Иманғали Тасмағамбетовпен кездесті
31.10.2025, 22:35
Атырау облысында 36 жастағы әкімдік қызметкері өлі табылды