«Абу-Даби – Түркістан» бағытындағы алғашқы әуе рейсі іске қосылды

Автор: Azattyq Rýhy

Мамандар билет бағасы қолжетімді екенін, ертерек алған жағдайда 20 мың теңгеден басталатынын айтты

фотф: ашық дереккөзден

Абу-Дабиден ұшып шыққан Airbus 321 ұшағы Түркістан халықаралық әуежайына келіп қонды. Біріккен Араб Әмірліктерінің танымал туристік қаласынан бағыт алған ұшақта 100 жолаушы мен 7 экипаж мүшесі болды. Жолаушылардың 40%-і – шетелдік сяхатшы, деп хабарлайды Azattyq Ruhy 24KZ телеарнасына сілтеме жасап.

Сондай-ақ дәл осы күні рухани астана Түркістаннан Абу-Дабиге 200 адам ұшып кетті. Мамандар билет бағасы қолжетімді екенін, ертерек алған жағдайда 20 мың теңгеден басталатынын айтады. Биыл Түркістан Түркі әлемінің туристік астанасы мәртебесіне ие болды. Ондағы халықаралық әуежайы арқылы Стамбул мен Эль-Кувейтке халықаралық, Қазақстан ішінде Астана, Алматы, Қарағанды, Орал, Ақтөбе және Ақтау қалаларына республикалық рейстер тұрақты ұшады.