Израильдің Раанана қаласында теракт болды
Полицияның мәліметінше, шабуылдаушы, сондай-ақ оның туысы ұсталды
Шабуылдаушылардың бірі әйелді пышақтап, көлікті ұрлап, содан кейін Израиль қаласының бірнеше аймағында шабуылдар жасады. Полицияның хабарлауынша, террорист көлікті үш рет ауыстырған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Euronews ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.
Тель-Авивтің солтүстігіндегі Израильдің Раанана қаласында соққылар мен пышақ шабуылдары нәтижесінде егде жастағы әйел алған жарақатынан қайтыс болды.
Бұл туралы Кфар-Савадағы «Меир» ауруханасы мәлімдеді.
Шабуылдар қаланың әртүрлі аймақтарында жасалды, кем дегенде 17 адам зардап шекті, олардың бірнешеуінің жағдайы ауыр.
Израильдік БАҚ жазғандай, зардап шеккендердің жетеуі кәмелетке толмағандар. Олар ауруханаға жеткізілді.
Полицияның мәліметінше, шабуылдаушы, сондай-ақ оның туысы ұсталған. Күдіктілердің екеуі де палестиналықтар.
Күдікті террорист өтіп бара жатқан адамдар мен жүргізушілерді пышақтаған, кезекті шабуылынан кейін ұрланған көліктен шығып, екіншісіне отырған деп хабарланды.
Қазіргі уақытта ұсталғандардан қауіпсіздік қызметі жауап алуда.