$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Францияда мыңдаған адам мигранттар туралы заңға қарсы наразылық білдірді

Ел парламенті қабылдаған заң шетелдіктерге қысымды күшейтпек

Францияда мыңдаған адам мигранттар туралы заңға қарсы наразылық білдірді
Фото: REUTERS/Gonzalo Fuentes

Францияда мыңдаған адам ел парламенті жақында қабылдаған мигранттар туралы заңның күшін жоюды талап етіп, наразылық шеруіне шықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы France 24 агенттігі хабарлады.

«Көші-қон туралы заң – нәсілге бөлетін заң. Бізге мұндай заң керек емес, біз онымен күресеміз», - деп ұрандатты шерушілер.

Шеруге шыққандар арасында 400-ден астам ұжым, қауымдастықтар мен кәсіподақтар, саяси партиялардың өкілдері шығып, өз қарсылығын білдірді.

Айта кетсек, 19 желтоқсанда ел парламент қабылдаған заң шетелдіктерге әлеуметтік төлемдер төлеуді айтарлықтай шектепі, көші-қон квотасын белгілейді, «заңсыз тұру қылмыстарын» тексеру қайта қолға алынады.

Бұған дейін, яғни 2023 жылы Франция құқықбұзушылық жасаған 4686 шетелдікті елден шығарған. Бұл көрсеткіш 2022 жылғы сәйкес көрсеткіштен 30 пайызға жоғары болған.

2022 жылы Франция билігі 3615 шетелдік құқық бұзушыны, ал 2021 жылы 1,8 мың адамды елден шығарды.

Серіктес жаңалықтары