Республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 522 бірлік техника ұмылдырылды
Ауа райының қолайсыздығына байланысты жеті облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 25 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.
Еліміздің бірқатар аймағында дауылды ескерту жарияланып, жолдар жабылды.
Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 522 бірлік техника және 823 жолшы жұмылдырылды.