Мәжіліс депутаттары Көкшетаудағы әлеуметтік-психологиялық қолдау орталығына барды

Azattyq Rýhy

Сондай-ақ мәжілісмендер кәріздік тазарту қондырғысының жұмысымен танысты

Мәжіліс депутаттары Көкшетаудағы әлеуметтік-психологиялық қолдау орталығына барды
Фото: AMANAT партиясының баспасөз қызметі

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «AMANAT» фракциясының мүшелері Айна Мысырәлімова, Юлия Кучинская мен Наталья Дементьева Ақмола облысына жұмыс сапары аясында Көкшетау қаласындағы «Шанс» әлеуметтік-психологиялық және құқықтық қолдау көрсету орталығында болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Орталық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған немесе қиын өмірлік жағдайға тап болғандарға көмек көрсетеді. Өткен жылы «Шанс» орталығы 27 әйелге және 204 кәмелетке толмағандарға көмек көрсеткен. Орталықта күн сайын заңгер, медицина қызметкері, 4 психолог, 2 медиатор және 2 әлеуметтік жұмыс маманы жұмыс істейді.

Орталық басшысы Әсем Асайынованың айтуынша, адвокат қамқорлыққа алынғандардың атаулы әлеуметтік көмек алу үшін құжаттарын реттеуге, әкелікті тану туралы анықтама алуға, құжаттарын реттеуге, сотқа талап-арыздарды ресімдеуге, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алумен айналысады.

Сонымен қатар «Шанс» қызметкерлері профилактикалық іс-шараларды өткізу үшін ауылдар мен аудан орталықтарына жүйелі түрде шығып тұрады.

«Қазіргі уақытта Мәжілісте балалардың құқығын қорғау жөніндегі заң жоьасы қызу талқылануда. Осы мақсатта біз кәсіби мамандармен ақылдаса отырып, қандай ұсыныс тілектер бар екендігін білу мақсатында кездесіп отырмыз», - деп атап өтті Айна Мысырәлімова орталық қызметкерлерімен әңгіме барысында. 

Сондай-ақ мәжілісмендер Көкшетау қаласының кәріздік тазарту қондырғысының жұмысымен танысты. Көкшетауда 90-жылдардың басында салынған кәріз тазарту жүйесі күрделі жөндеуді қажет етеді.  

Қалада 15 кәріздік сорғы станциясы бар, оның ішінде Красный Яр кентінде 2, Станционый ауылында 1. Ауыз судың сапасын арттыру мақсатында облыс орталығында су тазарту құрылыстарын қайта жаңғырту және кеңейту жобасы жүзеге асырылуда. Биыл бұл мақсатқа облыстық бюджеттен қаржы бөлінген. БАӘ-нің жабдық жеткізушілерімен келісім жасасқан. Құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Жоба жүзеге асқан соң 177 мың адам сапалы ауыз сумен қамтылады деп отыр мамандар. Тазалау қондырғыларының өнімділігі тәулігіне 30 мың текше метрді құрайды.

Мамандар атап өткендей, су тазарту қондырғылары 1970 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Жаңа жобада блок-модульдік электролиз қондырғысы арқылы заманауи қондырғылар орнатылмақ. Жобаны жүзеге асыру қаланы қажетті көлемде және кепілді сапада сумен қамтамасыз етіп, барлық санитарлық нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ бұл күні Мәжіліс депутаттары жұмыс сапары аясында Көкшетау қалалық және Ақмола облыстық мәслихатындағы депутаттық фракция мүшелерімен кездесіп, онда бюджет және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алулар туралы» заңын талқылап, Көкшетау қаласының этносәдени бірлестіктерімен  кездесу өткізді. Мәжіліс депутаттары партия филиалында  азаматтарды жеке мәселесімен де қабылдады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.