$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қуандық Бишімбаевты күзетпен ұстау мерзімі 9 наурызға дейін ұзартылды

Өзге мәліметтерді Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға болмайды

Қуандық Бишімбаевты күзетпен ұстау мерзімі 9 наурызға дейін ұзартылды
Фото ашық дереккөзден

Астана қалалық соты бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты күзетпен ұстау мерзімін 9 қаңтардан 9 наурызға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қалалық соттың Kazinform агенттігі жолдаған сауалға жауабында: «2024 жылғы 9 қаңтарда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотымен күдікті Қуандық Бишімбаевқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын 2024 жылғы 9 наурызға дейін ұзарту санкцияланды», - делінген.

Сондай-ақ, елорда соты өзге мәліметтерді Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға болмайтынын ескертті.

Еске сала кетейік, 2023 жылы 9 қарашада Астанадағы Бау мейрамханасында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев өзінің жұбайын ұрып өлтірді деген күдікке ілініп, қамауға алынған еді.

Серіктес жаңалықтары