$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Әскерге шақыртылған 4 мың сарбаздың 1,5 млрд теңге несиелері болған

Өткен жылы Отан алдындағы борышын өтеуге 37 мыңнан астам азамат аттанды

Әскерге шақыртылған 4 мың сарбаздың 1,5 млрд теңге несиелері болған
Фото Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен

Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған 4 мың сарбаздың банк алдындағы берешегі 1,5 млрд теңге болған. Былтыр әскерге шақырылған 37 мың адамның 16 мыңнан астамы Қазақстан Қарулы күштерінің қатарына жіберілді,  деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

ҚР Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, қалған 21 мың азамат Ұлттық ұланның, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Мемлекеттік күзет қызметінің және Төтенше жағдайлар министрлігінің әскери бөлімдерін толықтырды.

«Қорғаныс министрлігінің мүдделі мемлекеттік органдар қолдаған әлеуметтік бастамаларының қатарында кредиттік демалыстар, мерзімді әскери қызметін өткергендерге білім алу жеңілдіктерін беру және сарбаздарды жұмысшы мамандықтарына оқыту секілді маңызды мәселелер бар. Қазіргі таңда 4 мыңнан астам сарбаздың 1,5 млрд теңге сомасындағы несиелері кейінге қалдырылды. Өткен жылы мерзімді қызметін өтеген 615 адам ҰБТ тапсырмай, азаматтық және әскери жоғары оқу орындарына оқуға түсті.  Оқу орталықтарында экономиканың нақты секторында сұранысқа ие 15 әскери-есептік мамандық бойынша 1195 әскери қызметші дайындалды», - делінген министрлік таратқан хабарламада.

Бұған қоса, мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілері мемлекет есебінен заттай мүлікпен, тамақпен және ай сайынғы ақшалай үлеспен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар қызмет көрсету кезеңінде мерзімді сарбаздар медициналық қызметтің толық спектрін алуға құқылы. Жалпы әскери жарғыларда айқындалған тәртіппен мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге көтермелеу ретінде қысқа мерзімді демалыс беріліп, жол шығындары мемлекет есебінен төленеді.

Әскери қызмет мерзімі өткеннен кейін немесе денсаулық жағдайы бойынша жұмыстан босатылған кезде олар бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жұмыстан шығу жәрдемақысын алады. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бес айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі жәрдемақымен қамтамасыз етіледі.

Серіктес жаңалықтары