09.01.2024, 14:00
Жаңалықтар
Павлодарда 21 жастағы қыз жоғалып кетті
Үйден шығып кеткен бойжеткен қайта оралмаған
Фото: «Vita» іздестіру тобы
Павлодарда 21 жастағы қыз жоғалып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Vita» іздестіру тобының мәліметінше, сегізінші қаңтар күні Лесозавод шағын ауданының Грушевая көшесі, 1 мекенжайынан шыққан 21 жастағы қыз қайтып үйіне келмеген. Бойы – шамамен 150 сантиметр, дене пішімі арықша келген, қара шашты, қоңыр көзді.
«Оның үстінде ұзын қара куртка, джинсы, қара бас киім қызғылтсары белгісі бар, сұр кеңжейде, қара угги аяқкиім болған», – дейді еріктілер.
Айта кету керек, жоғалған қыздың мұрнында мең бар.
Жоғалған қызды көргендер болса, 8(747) 615-55-63 нөміріне немесе 8(777) 334-82-01 нөміріне хабарласа алады.

Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
