Екі облыста республикалық маңызы бар автожолдар жабылды

Автор: Azattyq Rýhy

Шектеу көліктің барлық түріне қолданылады

Еліміздің 2 облысында республикалық маңызы бар автожолдардың 4 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» АҚ» ҰК баспасөз қызмеиті хабарлады.

Жетісу облысында - 1 учаске:

  • Үшарал – Достық тасжолы, 84-184 км, Көктұма станциясы – Достық станциясы – 100 км.

Солтүстік Қазақстан облысында – 3 учаске:

  • Булаево – Возвышенка – Мологвардейское – Кирово – Қиялы – Рощинское, 65-228 км, Возвышенка а. – Рощинское а. – 163 км;
  • Рощинское – Корнеевка – Волошинка тасжолы, 0-47 км, Рощинское а. – Корнеевка. а. – 47 км;
  • Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық – РФ шек., 213-280 км, Кішкенекөл а. – РФ шек. – 67 км.

Шектеу көліктің барлық түріне қолданылады. 

Қазіргі сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстауға 389 бірлік техника және 750 адам жұмылдырылды.