Газада қаза тапқан палестиналықтардың саны 23 мыңнан асты
Соңғы 24 сағатта барлығы 249 адам қаза тапты

Газа секторында қаза тапқан палестиналықтар саны 23 мыңнан асты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Anadolu агенттігінің хабарлауынша, мұндай мәліметтерді анклавтың Денсаулық сақтау министрлігі таратқан.
Соңғы 24 сағатта зардап шеккендердің жалпы саны тағы өсіп, қазіргі уақытта 58 926-ға жетті.
«Соңғы 24 сағатта барлығы 249 адам қаза тауып, тағы 510 адам жарақат алды», - делінген хабарламада.
Еске салайық, Таяу Шығыстағы ахуал 7 қазанда ХАМАС содырларының Газа секторынан Израиль аумағына енуінен кейін күрт нашарлады. Шабуылшылар шекаралық елдімекендердің тұрғындарын өлтіріп, 200-ден астам адамды кепілге алған.
Израиль тарапы бұған жауап ретінде күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқан «Темір қылыштар» операциясының басталғанын жариялады.