07.01.2024, 17:47
Жаңалықтар
Ақмола облысында тұрғын үйден өрт шығып, екі адам көз жұмды
Өртті сөндіруге 7 бірлік техника мен жеке құрамның 22 адамы жұмылдырылды
Фото ашық дереккөзден
Ақмола облысы Бурабай ауданының Щучинск қаласында екі қабатты төрт пәтерлі тұрғын үйде өрт болып, екі адам қайтыс болды. Бұл туралы Ақмола облыстық ТЖД мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өртті сөндіруге 7 бірлік техника мен жеке құрамның 22 адамы жұмылдырылды. Өртті сөндіру жоғары өрт жүктемесімен қиындады, өйткені үй толығымен ағаштан тұрғызылған және отқа төзімділіктің 5-дәрежесіне жатады. Дегенмен, өрт толық сөндірілді.
«Өртті сөндіру кезінде 2 мәйіт табылды. Ақмола облысының ТЖД қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтады», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 18:00
Ақтауда балықтан уланған тоғыз жасар бала 20 күннен кейін көз жұмды