Кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды
Жетісу облысының прокурорлары 160 млн теңге бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол бермеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Талдықорған қаласының әкімдігі жобалау-сметалық құжаттамаға аулаларды абаттандыру бойынша басқа объектілерді салу кезінде жеке құрылыс салушылар салған инженерлік желілерді (жылу трассасы, кәріз жүйелері) жүргізуге кеткен шығыстарды қосып жіберген», - делінген Жетісу облыстық прокуратурасының хабарламасында.
Қадағалау актісі бойынша жобалау құжатында көрсетілген сома мен жұмысты алып тастау арқылы түзету енгізілді.
Кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.