Қар, тұман, көктайғақ: бүгінгі ауа райы болжамы жарияланды
Елімізде тұрақсыз ауа райы сақталады
Синоптиктер 4 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Бүгін Қазақстанның басым бөлігі әлі де суық атлантикалық циклон ықпалында болатындықтан, тұрақсыз ауа райы сақталады. Еліміз бойынша жауын-шашын (көбінесе қар) жаууы мүмкін», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.
Тек елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында антициклонның әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Республика бойынша тұман, көктайғақ, екпінді жел болады.
Шымкентте ауа райы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде және таңертең тұман түесді. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соққан жел жылдамдығы 3-8 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы 13-15 градус жылы, түнде 0-2 граду аязды болады.
Алматыда ауа райы ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз болды. Жел 0-5 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы 2-4 градус аяз, күн ішінде 5-7 градус жылы болады.
Астанада ауа райы ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз болды. Түнде оңтүстіктен соғтын жел жылдамдығы 3-8, күндіз 7-12 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы 9-11, күндіз 3-5 градус аязды болады.