Су тасқынының ауқымы артуы мүмкін
Соңғы күндері Францияның солтүстік-батысында және Германияның бірқатар аймақтарында жаңбыр тоқтаусыз жауып, өзендер арнасынан асты. Дауыл Ұлыбританияның оңтүстігіне де жетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Euronews-ке сілтеме жасап.
Францияның солтүстік-батысындағы Бретань аймағында ауа-райының қолайсыздығына байланысты «қызыл» дабыл деңгейі жарияланды. Лолита өзені арнасынан асты. 12 мың халқы бар Кемперле қаласы су тасқынына дайындалуда. Лофт өзенінің жағалау аймағын су басу қаупі бар.
Синоптиктер «ерекше қарқынды жауын-шашын болады» деп болжап отыр.
Германиядағы үлкен аумақтар су астында қалды. Төменгі Саксония мен Бременде нөсер әлі де тоқтаған жоқ. Жергілікті су қоймаларындағы су деңгейі күрт өсті - Везер, Аллер және Лайне өзендеріндегі судың деңгейі қауіпті деңгейге жетті. Су тасқынының ауқымы артуы мүмкін, билік пен халық үрей үстінде.
«Хэнк» дауылы сейсенбіде Ұлыбританияның оңтүстік аймағына жетіп, өңірде дауыл тұрып, нөсер жаңбыр жауды.
Елдің астаналық Төтенше жағдайлар қызметі Лондон Гринвич аймағындағы көшені қоршауға мәжбүр болды: қатты желдің салдарынан ормандағы ағаштар құлап, жолдар жабылды.
Британдық ауа-райы қызметі дауыл туралы ескерту жасап, елдің және Уэльстің оңтүстік аймақтарының тұрғындарын электр қуатының үзілуіне дайын болуға шақырды.
Желдің жылдамдығы орталықта 60 миль/сағ, ал жағалаулар мен Батыс аудандарда 80 мильге жетеді деп болжануда.