$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

27 мыңнан астам полицей жаңажылдық мереке күндері қазақстандықтардың тыныштығын қорғады

Тәртіп сақшылары 68 ұрлықты, 5 тонау қылмысы мен 29 бұзақылықтың бетін ашты

27 мыңнан астам полицей жаңажылдық мереке күндері қазақстандықтардың тыныштығын қорғады
Фото: polisia.kz

Жаңажылдық мереке күндері қазақстандықтардың тыныштығын 27 мыңнан астам полицей қорғады. Полиция қызметкерлері үшін мереке күндері қалай өткені жайында Ішкі істер министрлігінде айтылды, – деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары Жаңа жыл мерекесі қарсаңындағы үш күндік жұмысты қорытындылады. Ведомствода атап өткендей, «102» арнасына 29 мыңға жуық қоңырау түскен. Негізінен азаматтар тыныштықты бұзу, қоғамдық орындарда ішімдіктер ішу бойынша, сондай-ақ бұзақылық пен мас күйінде көлік жүргізу фактілері туралы да мәлімдеді.

Өткен демалыс күндері республика бойынша 715 қылмыс жасалды, оның 485-і «ізін суытпай» ашылды. Мысалы, полицейлер 68 ұрлықты, 5 тонау қылмысы мен 29 бұзақылықтың бетін ашты. Тәртіп сақшылары мереке күндерін күшейтілген жұмыс режимінде өткізді. Мақсаты – қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстың алдын алу және жедел ашу, сондай-ақ «нөлдік төзімділік» қағидатын іске асыру.

Серіктес жаңалықтары