29.12.2023, 20:43
Жаңалықтар
Қар жауып, боран соғып тұр: Түркістан облысы аумағында 3 блок-бекет қойылды
Полицейлер облыс тұрғындарын ұзақ жолға шықпауға шақырады
Фото ашық дереккөзден
Түркістан облысы аумағында қалың қар жауып, ақтүтек боран басталды. Осы орайда түркістандық полицейлер республикалық, облыстық маңызы бар жолдарды патрульдеуге жұмылдырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Яғни Түркістан облысынан Жамбыл облысы бағытына қарай «Шымкент-Алматы» автожолының Машат пен Шақпақ ата асуы жабылды.
Аталған аумақта тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оқыс жайттардың алдын алу мақсатында полицейлер 3 блок-бекет қойды.
«Осыған байланысты облыс тұрғындарын ұзақ жолға шықпауға шақырамыз. Сондай-ақ жол ережесін сақтап, жылдамдықты асырмаңыздар», - деп ескертеді полицейлер.
Көп оқылған
27.09.2026, 13:00
Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезіндегі оқиғадан аман қалған әскери қызметшілер марапатталды
27.09.2026, 07:33
27 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
Бүгін, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
27.09.2026, 08:24
Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
27.09.2026, 06:08
Азия ойындарының жетінші күнінде Қазақстан бес қола медаль жеңіп алды