29.12.2023, 15:42
Жаңалықтар
Астанада мереке күндері қоғамдық көлік қалай жүреді
3-12 қаңтар аралығында қалалық қоғамдық көлік сенбі кестесі бойынша жүреді
Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты
30 және 31 желтоқсан күндері елордада автобустар демалыс күннің кестесі бойынша қатынайтын болады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy CTS-ке сілтеме жасап.
Елорданың қоғамдық көлігі 30 және 31 желтоқсанда таңғы 06:00-ден түнгі 23:00-ге дейін жұмыс істейді.
1 қаңтарда сағат 06:00–ден 10:00-ге дейін автобустардың 50 пайызы жүреді, сағат 10:00-ден кейін автобустар штаттық режимдегі кестеге сәйкес сағат 23:00-ге дейін жүреді.
2 қаңтар күні-сенбі кестесі бойынша(06:00 - 23:00).
3-12 қаңтар аралығында қалалық қоғамдық көлік сенбі кестесі бойынша жүреді.
3 қаңтардан бастап қала маңындағы маршруттар бекітілген кестеге, яғни апта күніне сәйкес штаттық режимде жүреді.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
