29.12.2023, 11:01
Жаңалықтар
БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерінен гөрі тұрғын үй үшін ақша көп алынған
Салымшылар шотындағы зейнетақы жинағы 17 224, 92 млрд теңгеге жеткен
Фото: gov.kz
Биыл елімізде тұрғындар тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін БЖЗҚ-дан 243,8 млрд теңге алған. Сондай-ақ қордағы 136 млрд теңге зейнетақы ретінде төленген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының баспасөз қызметі хабарлағандай, салымшылардың шоттарындағы зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы – 17 224, 92 млрд теңге.
Оның ішінде:
- міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) – 16 670 млрд теңге,
- міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) – 549,58 млрд теңге,
- ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) – 4,92 млрд теңге.
Жеке зейнетақы шоттарының саны – 12 269 мың бірлік. Оның ішінде есепке алу бойынша:
- МЗЖ – 11 023 мың бірлік,
- МКЗЖ – 630,07 мың бірлік,
- ЕЗЖ – 387,7 мың бірлік.
Жыл басынан бергі зейнетақы төлемдері – 531,4 млрд теңге. Оның ішінде:
- жасына байланысты – 136,5 млрд теңге,
- мүгедектік бойынша – 2,5 млрд теңге,
- ҚР аумағынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға кетуге байланысты – 37,2 млрд теңге,
- мұрагерлік бойынша – 48,3 млрд теңге,
- жерлеуге – 6,8 млрд теңге,
- сақтандыру ұйымдарына аударымдар – 41,4 млрд теңге,
- тұрғын үй жағдайын жақсартуға/емделуге – 243,8 млрд теңге.
Көп оқылған
18.04.2026, 08:10
Даулы «Қыз Жібек» қамзолы: министрлік тексеріс бастаса, Баян Алагөзова көпке жауап берді
18.04.2026, 11:12
Шымкентте Әуезов университетінің сегіз қызметкері сотталды
18.04.2026, 12:29
Семейде жүргізуші көлікті басқара алмай, жаяу жүргіншіні қағып кетті
18.04.2026, 10:38
Астанадағы қайғылы өрт кезінде үш баласынан айырылған әйел есін жиды
Редактордың таңдауы
16.04.2026, 14:32
FlyArystan: Шымкент әуежайында итті қағып кеткен ұшақ сынып қалған