28.12.2023, 12:40
Жаңалықтар
Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды
Қайрат Сүнтаев бұл қызметке 2020 жылдың наурызында тағайындалған болатын
Фото: gov.kz
Мемлекет басшысының өкімімен Қайрат Иматұлы Сүнтаев Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Полиция генерал-лейтенанты Сөнтаев Қайрат Иматұлы 1961 жылы 7 мамырда Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылында дүниеге келген.
Білімі – жоғары, 1992 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.
Жоғары біліктілік сыныбы – 3 дәрежелі.
«Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы» мемлекеттік наградасымен марапатталған.
- 1981 жылға қазаннан 1983 жылғы қыркүйекке дейін – Кеңес Армиясы қатарында қызмет атқарған;
- 1992 жылғы маусымнан 1994 жылғы тамызға дейін – Павлодар облысы прокуратурасының тергеушісі;
- 1994 жылғы тамыздан 1997 жылғы шілдеге дейін – Бас прокуратура басқармасының прокуроры, аға прокуроры;
- 1997 жылғы шілдеден 2000 жылғы желтоқсанға дейін – Ақмола облысы Ерейментау ауданының, Астана қаласы Алматы ауданының прокуроры;
- 2000 жылғы желтоқсаннан 2002 жылғы қазанға дейін – Астана қаласы прокурорының орынбасары;
- 2004 жылғы шілдеден 2006 жылғы қаңтарға дейін – Астана қаласы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) бастығының орынбасары;
- 2006 жылғы қаңтардан 2008 жылғы тамызға дейін – Тергеу және анықтау департаментінің бастығы, Тергеу комитеті төрағасының орынбасары, Тергеу комитетінің төрағасы;
- 2008 жылғы тамыздан 2009 жылғы қазанға дейін – Атырау облысы ІІД бастығы;
- 2009 жылғы қазаннан 2010 жылғы сәуірге дейін – Қарағанды облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) бастығының орынбасары;
- 2011 жылғы маусымнан 2014 жылғы қарашаға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде жұмыс істеген;
- 2014 жылғы қарашадан 2018 жылғы маусымға дейін – Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ұлттық бюро департаментінің басшысы (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет);
- 2018 жылғы маусымнан 2019 жылғы шілдеге дейін – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюроның басшысы (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет);
- 2019 жылғы шілдеден 2020 жылғы наурызға дейін – Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет);
- 2020 жылғы 13 наурыздан бастап – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары.
Көп оқылған
06.05.2026, 09:48
Тоқаев немістің Рейхстагтан кейінгі ордасы Ратушаға бірінші болып кірген батырға «Халық қаһарманы» атағын берді
06.05.2026, 11:15
Талдықорғанда арыққа ағып кетіп, жүрегі тоқтап қалған екі жасар қызды жедел жәрдем дәрігері қайта «тірілтіп» алған
06.05.2026, 10:02
Павлодардағы емхананың кезегіне таласқан халық есік ашылғанда бір-бірін таптап кете жаздаған (ВИДЕО)
06.05.2026, 10:18
«Бұл - таңдау емес, мәжбүрлеу әрі бопсалау»: BI Service үйді күтіп-ұстау үшін бір шаршы метрдің тарифін 270 теңгеге дейін қымбаттатпақ