Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр
Саунада шетелдік қыздардың интимдік қызмет көрсетуіне жағдай жасаған 50 жастағы жеңгетайға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Түркістан облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері арнайы іс-шаралар өткізу барысында Сарыағаш ауданы аумағынан жеңгетайлық фактісінің жолын кесті.
Нақтырақ айтсақ, Шымкент – Ташкент тас жолында орналасқан сауналардың біріне жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген полицейлер Сарыағаш қаласының 50 жастағы тұрғыны, яғни әйелді ұстады. Тінту кезінде одан ақшалай қаражат пен басқа да заттай дәлелдемелер алынды. Сондай-ақ полиция бөліміне 9 жеңіл жүрісті қыз жеткізілді. Оның ішінде алтауы Өзбекстан азаматы болса, үшеуі қазақстандық.
Аталған факті ҚР ҚК-нің 309-бабы 2-бөлігі бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.