27.12.2023, 19:46
Жаңалықтар
Полиция Дина Таңсәріге іздеу жариялады
Күдіктіні іздеумен Өскемен қалалық полиция басқармасы айналысып жатыр
Фото: tengrinews.kz
ҚР Ішкі істер министрлігі құқық қорғаушы, «НеМолчи.kz» қорының басшысы Дина Таңсәріге іздеу жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Іздеу туралы ақпарат құқықтық статистика және арнайы есепке алу порталында жарияланды.
Сайтта көрсетілгендей, іздестіру жұмыстары 2023 жылы 27 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында қолға алынған. Күдіктіні іздеумен Өскемен қалалық полиция басқармасы айналысып жатыр.
Бұған дейін БАҚ-та Дина Таңсәріге қатысты алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған болатын.
Көп оқылған
18.08.2026, 10:42
«Денесінің сау тамтығы жоқ»: «Барни» үшін құрбан болды деген келіншекке қатысты сұмдық мәлімет жарияланды
18.08.2026, 09:34
Астанада жасөспірім қыз бала тұрғын үйден құлап, мерт болды
18.08.2026, 09:42
Іле ауданында жер үйден шыққан жылан жұртты шошытты (ВИДЕО)
18.08.2026, 16:52
Ұлдана Мырзуанның қазасы бойынша сот отырысы: Әділет Зейнел жәбірленуші мәртебесінен бас тартты