Қазіргі уақытта іздеу жұмыстары жалғасып жатыр
Қостанай облысында әжесі мен немересі боранда жоғалып кетті. Қарт әйел мен баланы іздеуге жергілікті құтқарушылар жұмылдырылды. Жоғалғандар жайында әлеуметтік желіде хабарланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
26 желтоқсан таңғы сағат 7.00 шамасында Степной елдімекенінде 58 жастағы әйел мен 11 жасар қыз жолай өтіп бара жатқан көлікті тоқтатып мінеміз деп үйден шығып кеткен.
Содан бері қайда жүргені белгісіз. Олар Тобыл қаласын бетке алған еді.
«Іздеу-құтқару жұмысына еріктілер, полиция, әкімдік қызметкерлері мен құтқарушылар жұмылдырылған. Бұл іске 2 квадроцикл тартылды. Қазіргі уақытта іздеу жұмыстары жалғасып жатыр», - деп хабарлады Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Бұл жұмысты қолайсыз ауа райы да қиындатып отыр.