$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Биыл қазақстандықтар үшін 82 мемлекетке визасыз режим енгізілген - СІМ

Еуропа елдеріне визалық алымдар арзандауы мүмкін 

 

 

Биыл қазақстандықтар үшін 82 мемлекетке визасыз режим енгізілген - СІМ
Фото: gov.kz

Қазақстандық паспорттың мәртебесін арттыру бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде, деп хабарлайды Azattyq Ruhy. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров жылды қорытындылауға арналған брифингте мәлімдеді.

«2023 жылы визасыз елдердің тізімі әртүрлі санаттағы төлқұжаттар бойынша 82 мемлекетке дейін кеңейтілді, соның ішінде 29 мемлекет жалпы азаматтық төлқұжаттар үшін. Паспорттардың әртүрлі санаттары бойынша 3 жаңа елмен өзара келісімдер жасалды: Бангладеш (дипломатиялық және қызметтік паспорттар бойынша), Сейшел Аралдары және Сан-Марино (паспорттардың барлық түрлері бойынша)», - деді Айбек Смадияров.

Сонымен қатар, оның айтуынша, 2023 жылы Қытай мен Вьетнаммен азаматтық төлқұжат иелеріне визалық талаптардан босату туралы келісімдерге қол қойылды. Өздеріңіз білетіндей, ҚХР-мен визасыз режим күшіне енді. Вьетнаммен визасыз режим жақын арада тараптар барлық қажетті мемлекетішілік рәсімдерді аяқтаған кезде басталады.

«Сондай-ақ, қазақстандық азаматтар үшін Еуропалық Одақтың визалық режимін жеңілдету мәселелері бойынша ресми консультациялар бастау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Қазақстан Республикасының азаматтары үшін Еуропалық визалық режимді жеңілдетудің бірінші кезеңдері: визалық алымды төмендету, өтінімдерді қарау мерзімдерін қысқарту, бірнеше визалардың қолданылу мерзімін ұлғайту», - деді СІМ ресми өкілі.

Серіктес жаңалықтары