24.12.2023, 12:45
Жаңалықтар
COVID-19: соңғы бір айда дүние жүзінде 3 мыңнан аса адам қайтыс болды
Оңтүстік-Шығыс Азияда сырқаттанғандар саны 388%-ке өскен
Фото: shutterstock.com
Әлемде коронавирус індеті қайта өршіп барады. ДДСҰ дерегіне сүйенсек, 20 қараша мен 17 желтоқсан аралығында аталған инфекцияны 850 мыңнан астам адам жұқтырған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл көрсеткіш алдыңғы 4 аптамен салыстырғанда 52%-ке көп. Оңтүстік-Шығыс Азияда сырқаттанғандар саны 388%-ке, ал өлім-жітім көрсеткіші үш есе өскен.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, Ресей коронавирус жұқтыру деректері бойынша әлемде көш бастап тұр. Соңғы бір аптада қауіпті вирус 97 мың адамнан анықталған. Оның 161-і қайтыс болған.
Соңғы бір айда дүниежүзінде 3 мыңнан аса адам COVID-тен қайтыс болған.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды