$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тоқаев АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюмді қабылдады

Кездесуде екіжақты қатынастарды дамыту мәселесі талқыланды

Тоқаев АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюмді қабылдады
Фото: Ақорда

Кездесу барысында Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы екіжақты қатынастарды дамытуға, сондай-ақ жаһандық және өңірлік қауіпсіздікке қатысты өзекті мәселелер қарастырылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, екі ел қауіпсіздік, орнықты даму, климат проблемасы, гуманитарлық байланыс және басқа да көптеген сала бойынша ынтымақтастық орнатқан.

«Мемлекет басшысы экономикалық ықпалдастықты екіжақты қатынастардың негізгі тірегі ретінде атап өтіп, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, соның ішінде Инвестиция тарту жөніндегі кеңес қызметі аясында нығайту қажет екенін айтты», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар кездесуде сауда, көлік, логистика, «жасыл» энергетика, экология, тау-кен өндіру өнеркәсібі салаларындағы байланыстарды арттыру мүмкіндіктері талқыланды.

Серіктес жаңалықтары