Facebook компаниясының басшысы Марк Цукерберг саясаткерлер мен демократия жаңалықтарын ценузараға ұшырату дұрыс емес деп ойлайтынын айтты
Марк Цукерберг Вашингтондағы Джорджтаун университетінде сөз сөйлеп, Фейсбуктің жалған ақпараты бар саяси жарнамаға тыйым салмау туралы шешіміне қатысты сынға жауап берді, деп жазады ВВС.
«Мен Фейсбук платформасында барлық саяси жарнамаға тыйым салу мүмкіндігін қарастырдым. Бірақ бұл адал еңбек етіп жүрген саясаткерлерге кесірін тиізеді. Сондықтан біз саяси жарнаманы тексермейміз. Бұл әрекет саясаткерлерді қолдау үшін емес, адамдардың олардың не айтатындарын білуі үшін жасалып отыр», - деді Марк Цукерберг.
Айта кету керек, өткен аптада сенатор Элизабет Уоррен өз парақшасында Марк Цукербергтің Дональд Трамптың президенттікке қайта түсуін қолдайтыны туралы жалған ақпаратты жарнамаға жіберген. Сол кезде көпшілігі Цукербергтен жалған мәліметі бар саяси жарнамаға тыйым салуды сұраған еді.