$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Мұрнын сындырған»: Алматыда полицейлерге шабуыл жасалды

Сот-медициналық сараптама тағайындалды 

«Мұрнын сындырған»: Алматыда полицейлерге шабуыл жасалды
Фото: Видеодан кадр

Алматыда жол-патрульдік полициясына шабуыл жасалды. Сақшылардың талабына жеңіл көліктегі жігіттер бағынбаған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Тіптен олар заңсыз әрекеттерін видеоға да түсіріп алған. Кадрларда жігіттердің боғауыз сөз айтып, полицияға шабуыл жасағаны, қарсылық көрсеткені анық байқалады. Алматы қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, заң талабына бағынбаған жігіттер тәртіп сақшыларының бірін соққыға жығып, жұдырық жаудырған. Салдарынан бір тәртіп сақшысының мұрны сынған.

«Видеода мас күйінде полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаған ер адамды ұстау фактісі түсірілген. Сонымен бірге, төрт ер адам өздерінің заңсыз әрекеттерімен тоқтатылған Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісіне қашып кетуге мүмкіндік берген, ол да мас күйінде болуы мүмкін. Оқиғаға қатысушылардың әрекетіне құқықтық баға беріледі», – деді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.  

Қоғамның наразылығын тудырған жігіттердің әрекетіне қатысты қылмыстық іс қозғады. Орын алған оқиға бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Одан бөлек қызметтік тексеру де басталды.

Серіктес жаңалықтары