Ауа райының қолайсыздығына байланысты екі облысты жол жабылды

Автор: Azattyq Rýhy

Дәл қазір республикалық маңызы бар автожолдарды тазалау бойынша 288 техника жұмыс істеп жатыр

фото: ашық дереккөзден

Ауа-райының нашарлауына байланысты 2 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚазАвтоЖолдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысы бойыншы «Алматы-Ташкент-Термез» автожолы жабық.

Сондай-ақ Жетісу облысындағы «Үшарал-Достық» автожолы ауа райының қолайсыздығына байланысты жабылды.

Шектеу барлық көлік түрлеріне қолданылады.

Дәл қазір республикалық маңызы бар автожолдарды тазалауға 288 техника жұмылдырылды.