Жалпы жыл басынан бері бұл дертпен ауырғандар саны 22 мыңнан асты
Елімізде қызылша дерті дендеп барады. Соңғы аптада вирусты 2546 адам жұқтырған. Соңғы тәулікте 342 жағдай тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының хабарлауынша, жалпы жыл басынан бері ауырғандар саны 22 мыңнан асты. Оның басым бөлігі, яғни, 80 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар. Ауру өршігелі екпе егу жұмыстары да қыза түсті. 330 мыңдай адамға вакцина салынған.