Алматыда толассыз жауған қар салдарынан көлік апаты көбейген

Azattyq Rýhy

Қалыптасқан ахуалға байланысты қала полициясы мәлімдеме жасады

Алматыда толассыз жауған қар салдарынан көлік апаты көбейген
Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев

Алматы толассыз жауған қар салдарынан көшелерде көлік апаты көбейіп кетті. Осыған байланысты Полиция департаменті дабыл көтеріп, жүргізушілерге  үндеу тастады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ауа райының нашарлауына байланысты алматылық тәртіп сақшылары жол қозғалысына қатысушыларды қауіпсіздікті сақтауға шақырып жатыр.

Сондай-ақ түнімен жауған қар тазаланып үлгермегендіктен, қалада көлік кептелісі көбейді.

«Бұл үндеу негізінен көлік құралдарын басқаратын қала жүргізушілеріне арналған. Біз оларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жүргізуші мәдениетін танытуға және мұқият болуға шақырамыз. Бұл үндеу қазір өте өзекті және қала жолдарында қайғылы оқиғаларды болдырмауға көмектеседі», - деді, Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі Басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Серік Шумаев.

Алматы қаласы ЖПҚБ жедел басқару орталығының кезекші бөлімінің мәліметі бойынша, 11 желтоқсанда сағат 20:00-ден 12 желтоқсанда таңғы сағат 06:00 аралығында Алматы қаласында 33 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Оның 4-уінде жолаушылар жарақат алған.

«Сонымен қатар ауа райы жағдайының нашарлауына және қар түріндегі жауын-шашынға, ауа температурасының нөлдік деңгейге дейін төмендеуіне байланысты жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізушілер мен көлік иелеріне көліктерінің дөңгелектерін қысқы дөңгелекке ауыстыруды ұсынамыз», – деді, полковник Шумаев.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.