Қостанайда жарылыстан қаза тапты деген ер адам тірі болып шықты

Azattyq Rýhy

Оқиға орнынан барлығы 11 ада ауруханаға жеткізілді

Қостанайда жарылыстан қаза тапты деген ер адам тірі болып шықты
Видеодан кадр

Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті ғимараттағы жарылыс кезінде бір адамның денесі табылғаны туралы ақпараттың қате берілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Бұған дейін хабарланғандай, оқиға орнынан ер адамның денесі табылғаны туралы ақпарат қате берілген. Ер адам құтқарылып, медициналық мекемеге жатқызылды», - делінген ТЖД хабарламасында.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға орнынан барлығы 11 адам ауруханаға жеткізілген.

Қазіргі кезде іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. ТЖД қызметкерлері қатты аяз бен үйінді ауқымының көптігі жұмысты қиындатып жатқанын мәлімдеді.   

Еске салайық, бұған дейін Қостанай қаласына қарасты Амангелді ауылында газ-ауа қоспасының жарылуы салдарынан жүк көліктерін жөндеуге арналған бір қабатты ғимарат опырылып құлап, 7 адам үйінді астында қалғаны хабарланған болатын.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.