11.12.2023, 12:01
Жаңалықтар
БҚО-да жеке үйден өрт шығып, екі адам қаза тапты
Қайғылы оқиға 10 желтоқсанда Бәйтерек ауданында болған
Фото: "Мой город"
Батыс Қазақстан облысында жеке үйден шыққан өрт салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Мой город» порталының жазуынша, қайғылы оқиға 10 желтоқсанда Бәйтерек ауданы Садовое ауылында болған.
Құтқарушылардың айтуынша, өрт туралы хабарлама сағат 07:25-те түскен.
«Жеке тұрғын үйдің төбесі, жеке заттар мен шатырдың бір бөлігі өртеніп кеткен. Өрт аумағы 15 шаршы метрді құрады. Өрт орнынан 40 және 30 жастағы екі ер адамның жартылай күйіп кеткен мәйіттері табылды. Өрт 08:55-те сөндірілді», - делінген хабарламада.
Өртті сөндіруге 21 адам мен алты техника жұмылдырылды.
Қазіргі кезде төтенше жағдайдың себебі анықталып жатыр.
Көп оқылған
20.05.2026, 09:29
Алматыдағы клубтардың бірінде жартылай жалаңаштанған әнші аузына келген сөздерді айтты (ВИДЕО)
20.05.2026, 09:53
Қасымбек пен Головкин қол алысты: келесі жылы Астанада бокстан әлем чемпионаты өтетін болды
20.05.2026, 15:30
Көкшетауда тағы бір әйел тротуарда келе жатқан анасы мен баласын көлігімен басып кетті (ВИДЕО)
20.05.2026, 10:25
«Арсенал» араға 22 жыл салып, әрең дегенде Англия чемпионы атанды