Екібастұз Жылу электр орталығында тағы да апат болды

Azattyq Rýhy

Бұл жолы күл шығаратын құбырдан ақау анықталған

Екібастұз Жылу электр орталығында тағы да апат болды
Фото: instagram.com/ete_ekb

Екібастұз Жылу электр орталығында төтенше жағдай орын алды. Бұл туралы «ЕкібастұзЖылуЭнерго» ЖШС-ның әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«10 желтоқсан, сағат 01.10-да Екібастұз ЖЭС-тің күл шығаратын құбырында ақау анықталды. Сағат 05.30-да зақым жойылды. Ақау салдарынан су жылыту қазандықтарының екінші цехінде багер сорғысын су басып қалды. Резервте болған екі энергетикалық қазандық агрегаты іске қосылды. Екібастұз ЖЭО мен Екібастұз қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының күшімен суды сорып шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Онымен қоса, станцияның багер сорғысын ауыстырып, одан әрі іске қосу үшін резервті қозғалтқыш дайындалды», - деп хабарлады компаниядан.

 Мәліметке сүйенсек, қазіргі уақытта станцияда 7 қазандық агрегаты жұмыс істеп тұр (Nº 5, 6, 7, 9, 11, 13, 14), оның ішінде су жылыту цехіндегі 3 қазандық уақытша мазутпен жағылып жатыр.

«Жақын уақытта багер сорғысын іске қосу бойынша барлық жұмыстар аяқталатын болады. Кейін су жылыту қазандықтары графикке сәйкес көмірге ауыстырылып, стандартты жұмысы қалпына келтіріледі», - делінген мәліметте.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.