08.12.2023, 14:28
Жаңалықтар
ArcelorMittal компаниясы «Қазақстан халқына» қорына 16 млрд теңге бөледі
Бұл туралы Үкіетте өткен брифингте Өнеркәсіп және құрылыс министрі хабарлады
Фото: shutterstock.com
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев ArcelorMittal компаниясының «Қазақстан халқына» қорына қомақты үлес қосатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«ArcelorMittal «Қазақстан халқына» қорына қомақты сома – 16 млрд теңге бөледі. Бас компаниядан алынған бұл қаржы Қарағанды облысы мен Теміртау қаласындағы білім және денсаулық сақтау салалары бойынша әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға жұмсалады», - деді Қанат Шарлапаев.
Оның айтуынша, бұл соманың жартысы Теміртау қаласын дамытуға жұмсалса, қалғаны Қарағанды облысына бөлінеді.
Бұған дейін Қазақстан Үкіметі «АрселорМитталТеміртау» компаниясын 286 млн долларға сатып алғанын хабарлаған болатынбыз.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды