Степногорскіде аязды күнгі апат салдарынан көпқабатты үйлер жылусыз қалды

Ақмола облысының әкімі апатты жағдай түні бойы жойылып, жылу қайта берілгенін мәлімдеді

Степногорскіде аязды күнгі апат салдарынан көпқабатты үйлер жылусыз қалды
Видеодан кадр

Ақмола облысына қарасты Степногорск қаласында кварталішілік жылу магистралінде апат болып, аязды күні көпқабатты үйлер жылусыз қалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, апатты жағдай 7 желтоқсанда сағат 21.45 шамасында болған.

«Степногорск қаласында Славский мен Целиноград көшелерінің қиылысында Д-600 мм жылу трассасында апатты жағдай болды. Соның салдарынан бірқатар көпқабатты үйлер жылусыз қалды», - делінген хабарламада.

Оқиға орнына Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов келіп, апаттардың сипатымен танысты.

«Қалпына келтіру жұмыстарын жою және үйлестіру үшін облыс әкімі мен Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Қ. Қ. Доспаевтың төрағалығымен жедел штаб құрылды», - делінген хабарламада.

«Степногорск Теплотранзит» ЖШС-нің 15 маманы және 6 бірлік техника қала тұрғындарының үйлерінде жылумен жабдықтауды жақын арада қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізіліп, жағдай жергілікті атқарушы органдардың бақылауына алынды.

Бүгін таңертең облыс әкімі Марат Ахметжанов жылу трассасының қалпына келгенін мәлімдеді.

«8 желтоқсанда сағат 8.10-да дәнекерлеу жұмыстары аяқталып, жүйеге су берілді.  «Степногорск теплотранзит» ЖШС мамандары апатты жою және азаматтардың үйлеріне жылу беруді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді», - деді оқиға орнына барған М. Ахметжанов.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.