Филиппинде цунами қаупі туралы ескерту жарияланды

Автор: Azattyq Rýhy

Өз кезегінде Жапония да елдің оңтүстік-шығысында цунами туралы ескертуді күшейтті

Филиппиннің оңтүстігінде 7,6 баллдық жер сілкінісінен кейін цунами қаупі туралы ескерту жарияланды. Қазіргі уақытта аймақта қауіп жоқ, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Euronews-ке сілтеме жасап.

Филиппин билігі 7,6 балдық жер сілкінісінен кейін елдің оңтүстігіндегі Минданао аралындағы цунами туралы ескертуді іске қосты.

Бүкіл әлем бойынша сейсмикалық белсенділікті тіркейтін АҚШ Геологиялық қызметі эпицентрді 32 шақырым тереңдікте және 40 000-нан астам халқы бар Хинатуан қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 21,2 шапқырым жерде тапты.

Жапония да сонымен қатар елдің оңтүстік-шығысында цунами туралы ескертуді күшейтті.