Бүгін ел аумағында қар жауып, боран соғуы мүмкін

Автор: Azattyq Rýhy

Елдің оңтүстік, оңтүстік-шығысында антициклон әсерінен күн ашық болады

Фото: freepik.com

«Қазгидромет» РМК Қазақстан аумағында бүгін, 2 желтоқсанда ауа райы қандай болатынына болжам жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Республиканың батыс, солтүстік және шығыстағы өңірлерінің ауа райына Атлантикалық циклон мен сонымен байланысты атмосфералық шептер әсер етеді. Салдарынан елдің көп бөлігінде жаңбыр мен қар жауады, көктайғақ болып, боран соғуы мүмкін. Тек елдің оңтүстік, оңтүстік-шығысында антициклон әсерінен күн ашық болады», - делінген хабарламада.