$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркістан облысында лауазымды тұлғалар қамауға алынды

Олар 200 га астам құнарлы жер учаскелерін заңсыз рәсімдеген деп айыпталды

Түркістан облысында лауазымды тұлғалар  қамауға алынды
Фото: kefaloniapress.gr

Түркістан облысының прокуратурасы Төлеби аудан әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты ауданның арнайы жер қорындағы жерлерді заңсыз актілерді рәсімдеу арқылы аса ірі мөлшерде алаяқтықпен иеленген фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қылмыстық іс бойынша ауданның Жер қатынастар бөлімінің басшысы, өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, осы бөлімнің бұрынғы басшысымен алдын ала сөз байласу арқылы нарықтық құны 326 млн теңге құрайтын 200 га астам құнарлы жер учаскелерін заңсыз рәсімдегені бойынша күдіктеліп отыр», - делінген прокуратура хабарламасында.

Түркістан облысының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасымен күдікті тұлғалар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі таңда аталған қылмысқа басқа да тұлғалардың қатыстылығын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары