«AMANAT 111» бірыңғай сенім телефонына 2700 өтініш келіп түскен

Azattyq Rýhy

Өтініштер әртүрлі бағытты қамтиды 

«AMANAT 111» бірыңғай сенім телефонына 2700 өтініш келіп түскен
Фото ашық дереккөзден

16 қазанда «AMANAT»-тың отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша «111 байланыс орталығы» «AMANAT» партиясынан Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне берілген болатын, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бірыңғай сенім телефоны мемлекеттік шұғыл қызметтер тізбесіндегі 101, 102, 103 нөмірлердің қатарына енгізілді. Бұл азаматтарға құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу арқылы жедел түрде көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында бірыңғай сенім телефонын ұйымдастыру және зорлық-зомбылыққа, қысымға, яғни буллингке тап болғандарға көмек көрсетуге арналған бағдарлама әзірлеу міндетін қойған еді. 

 Бірыңғай сенім телефоны бойынша тиісті меморандумға ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева, «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қол қойған.

ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваның айтуынша, балаларға қатысты қылмыс елімізде күнде жасалады. 

«Күн сайын елімізде балаларға қатысты 6 қылмыс жасалады, 342 адам тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шегеді. Балалар мен жасөспірімдер арасында қорқыту мәселесі де өткір. Мәселені шешу жан-жақты көзқарасты қажет етеді. Уақтылы көрсетілген көмек қайғылы салдардың 70 пайызын болдырмауы мүмкін. Қазір орталықтағы операторлардың саны 37 адамға дейін артып келеді, келесі жылы бір мезгілде өтініштердің көп санын қамту үшін 57 адамға дейін жеткізу жоспарлануда», – деді Динара Зәкиева.

Зәкиева сенім телефоны тіркелген 1 айдан астам уақыт ішінде 2700 өтініш келіп түскенін атап өтті. 

«Өтініш берушілер зорлық-зомбылық пен қатыгез қарым-қатынас, мектепте қорқыту, денсаулық сақтау, психологиялық қолдау, ажырасу процесі, балалардың тұрғылықты жерін немесе қарым-қатынас уақытын анықтау, алимент өндіріп алу және басқа мәселелер бойынша заңгерлік кеңес алу үшін жүгінген», - деді Зәкиева. 

Ол атағандай, балаларға қарсы зорлық-зомбылықпен күрес әлі де жалғасып жатыр. 

«Президенттің зорлық-зомбылық, балалардың құқықтарын бұзу мәселесіне жеке көңіл бөлуі үлкен қолдау. Мемлекет басшысы қызметіне кіріскен күннен бастап осы жылдың өзінде балаларды қорғау үшін жоғарыда аталған және басқа да маңызды қадамдар қабылданды. Жұмыс жалғасуда», - деді Бала құқықтары жөніндегі уәкіл.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.