Қажылыққа барушыларды алдап соққан турфирма басшысы ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда

Фото: yandex.ru/maps

Қажылыққа барушыларды алдап соққан турфирма басшысы ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ІІМ тергеу департаменті қажылық туризмін ұйымдастыру саласындағы алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуде.

Тергеу нәтижесі бойынша «Zam Zam Qazaqstan» туристік компаниясының басшысы Сауд Арабиясына қажылықты заңсыз ұйымдастырғаны әшкереленді.

Сауд Арабиясы мемлекеттік органының ресми сайтына ұқсас, қажылық жасауға берілген виза растайтын жалған сайтты құру фактісі анықталды.

22 қарашада сот санкциясымен күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге де мәліметтер жария етілмейді.